Құрметті қызметтестер!
Қазақстан урологиясында аса маңызды оқиға!
14-15 маусым 2018 жылы Алматы қаласында «Қазіргі таңдағы минималды инвазивті және консервативті урология» тақырыбында Қазақ-Американдық шеберлік-сыныбы өткізілмек. Басты қонақ және қатысушы Американдық Урологтар Ассоциациясының бас хатшысы (AUA) PhD, MD, FRCSC, FACS, FCAHS профессор Джон Денстед (J.Denstedt).
Қазіргі таңдағы АҚШ урологиясы әлемде алғы орындарды иемденеді. Бұл саладағы алғы медициналық технологиялар, диагностика және емдеу әдістері, Денстед мырза және оның шәкірттерінің көмегімен әлемдік тәжірибеге енгізілген, және бұл жаңалықтар Қазақстандағы урологиялық науқастардың емдеу терапиясының сапасын жоғарылатпақ.