Шеберлік-сынып «Урологиядағы инновациялар: (консервативті және операциялық тәсілдер)», 2019 ж., 20-21 маусым, Алматы
БҰ «Ер азамат денсаулығы» және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина университетінің денсаулық факультеті AUA және WorldEndo Iniciative Endourological Society (АҚШ) Сіздерді «Урологиядағы инновациялар: (консервативті және операциялық тәсілдер)» тақырыбында шеберлік-сыныпқа қатысуға шақырады.
Ол 2019 жылғы 20-21 маусым аралығында Алматы қаласында өтеді.
Шеберлік–сыныпты ұйымдастырушылар
- «Ер азамат денсаулығы» Қоғамдық Бірлестігі.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина және денсаулық сақтау факультеті.
- Американдық урология қауымдастығы (АҚШ).
Қатысушыларды тіркеу:
2019 жылдың 20 маусым сағат 08:00-09:00 аралығында.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42, (Атакент), «Best Western Plus Atakent Park Hotel» қонақ үй, Шағын конференция залы.
Байланыстар:
+77017220991 +77772104328 +77019810998
Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.
- Толығырақ
Алматы қаласында «Қазіргі таңдағы минималды инвазивті және консервативті урология» тақырыбында Қазақ-Американдық шеберлік-сыныбы өткізілді. Әзірше ұсынылған мәліметтер мен білімдер өңделу үстінде. Жақын арада өткізілген іс-шара жөнінде қорытынды мақалалар ұсынылмақ.
Біз бұл ақпараттарды сайтта ұсынатын боламыз. Егер сіз маңызды жаңалықтарды жіберіп алғыңыз келмесе-бізге тіркеліңіз және өзіңіздің e-mail мекен жайын қалдырыңыз, және сіз жаңа мәліметтерді өз поштаңызға ала аласыз.
Құрметті қызметтестер!
Қазақстан урологиясында аса маңызды оқиға!
14-15 маусым 2018 жылы Алматы қаласында «Қазіргі таңдағы минималды инвазивті және консервативті урология» тақырыбында Қазақ-Американдық шеберлік-сыныбы өткізілмек. Басты қонақ және қатысушы Американдық Урологтар Ассоциациясының бас хатшысы (AUA) PhD, MD, FRCSC, FACS, FCAHS профессор Джон Денстед (J.Denstedt).
Қазіргі таңдағы АҚШ урологиясы әлемде алғы орындарды иемденеді. Бұл саладағы алғы медициналық технологиялар, диагностика және емдеу әдістері, Денстед мырза және оның шәкірттерінің көмегімен әлемдік тәжірибеге енгізілген, және бұл жаңалықтар Қазақстандағы урологиялық науқастардың емдеу терапиясының сапасын жоғарылатпақ.
- Толығырақ
Созылмалы бактериалда простатит, копулятивті және фертильді әрекетсіздіктер секілді асқынуларын емдеудің заманауи әдістері.
Әдістемелік ұсыныстар / Шалекенов Б.У., Хусаинов Т.Э., Куандыков Е.А. // Алматы: «Қазақ Медициналық Үздіксіз Бәләм беру Университеті» АҚ, 2017.-34б.
Құрылымы:
- Кіріспе
- Эректильді дисфункция
- ТРАНСЕРА, ТРАНСЕРА АКТИВ дәрілерінің жайлы мағлұмат
- Созылмалы бактериалда простатит, копулятивті және фертильді әрекетсіздіктер секілді асқынулары бар науқастарда ТРАНСЕРА дәрі-дәрмегінің тиімділі мен қауіпсіздігі жайлы клиникалық зерттеулер
- ТРАНСЕРА АКТИВ дәрі-дәрмегінің психогенді генездегі эректильді әрекетсіздігі бар науқастарда қолданылуының өмірлік тәжірибесі
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қосымшалы 1 тест
Кейбір урологиялық аурылар кезіндегі науқастарды диагностикалау және жүргізу алгоритмдері
ҚазМҮБУ-нің урология және андрология кафедрасының бөлім меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Шалекенов Б.У.
Құрастырған: м.ғ.к. Куандыков Е.А., м.ғ.к. Шалекенов С.Б., Выскубов Д.А., Анафин Т.Г., Досхожаев Б.К.
Енгізілген мәліметтер жөнінде жол сілтегіш
- Бүйрек тас ауруы
- Қуықасты безінің қатерсіз ісігі
- Эректильді әрекетсіздік
- Простатит
- Қуықтың қатерлі ісігі
- Пиелонефрит
- Әйелдердің төменгі жыныс жолының жұқпалары
- Толығырақ
УДК 616.65-066.55-007.61-08-039.73
Шалекенов Б.У., Куандыков Е.А.
Қуықасты безінің қатерсіз ісігі емінде өте төмен мөлшерлі антиденелді қолдану арқылы өмір сүру сапасын жақсарту.
«Қазақ Медициналық Үздіксіз Бәләм беру Университеті» (ректор Ахметов В.И.)
Урология, андрология және сексопатология кафедрасы (бөлім меңгерушісі м.ғ.д., профессор Шалекенов Б.У.)
Кіріспе. Қуықасты безінің қатерсіз ісігі егде жастағы ерлердің барлығында дерлік кездеседі. Аутопсия қоры-тындылары бойынша 40-50 жастағы ерлердің 25%, 50-60жас-50%, 60-70 жас 65%, 70-80жас 80% және жас аралығындағы ерлердің 90% қамтиды. Бірақта қуықасты безінің қатерсіз ісігінің микроскопиялық және макроскопиялық белгілері бар науқастардың тек 25-50% клиникалық көріністері байқалады, олардың ішінде тек 50% науқастар ғана медициналық көмекке жүгінеді. (4,5).